Skip to content

Біз туралы

  «Бөбек»  бөбекжайы туралы.

«Бөбек» бөбекжайы Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, С.Мухамеджанов көшесінде ғимарат орналасқан. Бөбекжайымыз келешекте ел басқарар, жер суына иелік етер, еліне халқын гүлдендірер, мәртебесін биіктетер, жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Балабақша ұжымы келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне қызмет етуде. «Бөбек» бөбекжайы 1976 жылдан  бастап 10 топта 240 баламен  іске қосылып,оқу тәрбие жұмысы жүргізіліп келеді. . Ғимарат екі  қабаттан тұрады.Топ бөлмелері, жатын бөлмелері, қабылдау бөлмелері бар. Балабақшамызда білікті де білімді педагогтарымыз жұмыс атқаруда. Оқу тәрбие үрдісіне 25 педагог мамандарымен қамтамасыз етілген. Онда жоғары білімдісі-10.

Аумағы түгел қоршалған, аула өсімдіктермен толық көгалдандырылған. Балабақшамызда  жас ерекшелігіне байланысты кіші топтар: «Балапан» , «Құлыншақ» тобы. Ортаңғы топтар: «Қуырмаш» ,«Қошақан» , «Бәйтерек» тобы. Ересек топтар: «Жасыл желек», «Қуаныш», «Айжұлдыз» тобы. Мектеп алды топтары: «Зеректер», «Балдырған» тобы бар. Барлық топтарда жатын бөлмелері,ойын-тамақтану,әжетхана-жуыну бөлмелері бар.Сонымен қатар ғимаратта меңгеруші кабинеті,музыка залы,медбике кабинаттері бар.

Балабақшаның ғимаратында ас блогы мен кір жуу бөлмесі қойма орналасқан.Топтар қажетті жабдықтармен,көрнекі оқу құралдармен жабдықталған.Санитарлық-гигеналық талаптарына сай мекемеде ылғалды жинау жұмыстары заласыздандыру заттарын қолдана отырап   күнделікті тазалық жұмыстары жүргізіледі.

Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мақсатында педагогикалық ұжымның теориялық және теориялық деңгейін көтеру мақсатында бір жылға іс-шара кестесі құрылған.Барлық топтарды баланың жас ерекшелігіне қарай топтастырып бөлінген.Топтарда тәрбиешілердің өздері жасаған түрлі материалдары мен көрнекілік құралдары баланың жасына сай жасалған. Топтарға қазіргі білім беру стандарттына оқыту жүйелері қарастырылған. Балабақша бес күн бойы жұмыс жасайды.Сенбі,жексенбі күндері демалыс.Оқыту мен тәрбиелеу үрдісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізгіденде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  негізігі ережелеріне сүйеніп жүргізіледі.Күнделікті ас мәзірі санитарлық нормаға сәйкес жасалып,оның дәлелдігі тексеріліп медбике қадағалап отырады.Әр айда күн тәртібіндегі бала өмірін ұйымдастырылуын қадағалап бақылау жүргізіліп отырып және оған талдау жасалады.Балабақшада балалармен жүргізілетін оқу қазақ тілінде жүргізіледі. Балабақшада жұмыс барысын реттейтін келісім шарт түзілген:

  • -Ұжымдық шарт
  • -Басшымен келісім шарт
  • -Ата-аналармен келісім шарт
  • Балабақшамызыдың педагагтары жоғары білімді мамандықтарды балабақшаға сай келгендіктен жұмысқа қабылданады.Балабақшада тәрбиешілер балаларға білім беруді аянбай еңбек етуде.Ұйымдастырылған іс-әрекеттерін жаңартылған бағдарлама бойынша осы оқу жылының басынан бастап бастап жұмыс жүргізіп келеді. Он топта шығармашылық тақырыптармен жұмыс жасайды.